Медеу АРЫНБАЕВ: Төреғали мен Қайрат әнші емес

Қысқаша

Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев соңынан еріп келе жатқан ізбасар інілері Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас туралы бар ойын ортаға салды.

МЕДЕУ.jpg

  Қазіргі қазақ эстрадасының көркіне айналған қос әншінің бірін мүлдем әнші ретінде есептемейтінін, ал екіншісіне даусын демалдыру керектігін айтты.  Бұған қоса, Медеу Арынбаев оларға өзінің ағалық кеңесін берді. 

– Әнші деп Төреғали бауырымды айта алмаймын. Төреғали тапқыр, дөп түсе қояды. Өзінің даусына келетін, ақындығы бар, сөзімен алып кетеді. Актерлік қасиетімен алып кетеді. Ал оңтүстіктің тумасы, өз бауырым Қайрат Нұртасқа қазір даусын қолға алу керек. Аздап демалу керек. Связка деген шаршайды. Даусы шаршаңқырап қалған. Ол емес. Ол өзі шаршайын деп даусын шаршатып жүрген жоқ. Халық шаршатады. Аздап демалыс алу керек, алты ай болсын сөйлемей, үндемеу керек. Даусын емдету керек. Алдында бір концертте даусы сәл қысылып қалған екен. Халық соны шу қылған, – деді Арынбаев.