Бақберген Тұрсын - Әлем чемпионы

Қысқаша

​Жылдық күнтізбе жоспарына сәйкес, Өзбекстанның Алмалық қаласында белбеу күресінен 2002 - 2004 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Әлем чемпионаты өтті. Шымкент қаласының белбеу күресі балуандары дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғай білді.

67789321_669227973551104_7042301912103780352_n.jpg 

Боз кілем төрінде өнер көрсеткен Шымкент қаласы  №4 Л.Тәжиева атындағы ОРМБЖСМ 4 бірдей тәрбиеленушісі тұғыр биігінен көрінді. Атап айтар болсақ, 77 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген Бақберген Тұрсын Әлем чемпионы атанды. 65 кг. салмақ дәрежесінде бақ сынаған Жұмажан Қожамбеков күміс жүлде иегері атанды. Ал 85 кг. салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мадияр Берікбай  қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ,  бұрымдылар арасында 63 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан  Ақжан Нұрғалиқызы күміс жүлдені иемденді.

 

Белбеу күресі әзірге олимпиада мен спартакиада ойындарының тізіміне ене қойған жоқ. Алайда, дәл осы спорт түрінен 2009 жылдан бері әлем біріншілігі өткізіліп келеді. Белбеу күресінен Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Россия Федерациясы, Маңғолия спорт мектебі өте мықты. Қазақстан құрамасының басты қарсыласы да осы елдер.

Рейтинг газеті