Мақсат – мегаполистің тартымдылығын қалыптастыру

Қысқаша

​Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палатасы инвесторларға арналған журнал-нұсқаулықты басып шығарды.

максат.jpg 

Аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығы» талдамалық журнал  үшінші мегаполистің инвестициялық ахуалы, өңірдің бәсекелік артықшылықтары және инвестициялау үшін өзекті ақпараттардан тұрады.

 

 «Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолында әр инвестор өңірдің экономикалық мүмкіндіктері, бизнес ашуда қажетті жекелеген процедуралар, атқарушы билік органдарымен әрекеттесу сценариі және мемлекеттік қолдау шараларын, мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жайында көп ақпаратпен танысуы керек. Инвесторлардың уақыты мен күш-жігерін үнемдеу мақсатында біз ақпарат ауқымын журналға біріктірдік», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаев.

 

Журналда Шымкент қаласы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық ресурстары, кәсіпкерліктің даму деңгейі, өңірдің көліктік және сауда әлеуеті, бизнесті жүргізуде нормативті-құқықтық базаның негіздері көрсетілген. Бұдан бөлек, қолданыстағы салық режимдері және кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер, инвестициялық жеңілдіктер алгоритмі және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мүмкін болар тәуекелдері туралы толық ақпарат қамтылған.

 

 Нұрлан Қәбіштаевтің айтуынша, қазіргі таңда Шымкент миллион тұрғынымен саяси және экономикалық өзгерістерді өткеруде.

 

«Миллион тұрғыны бар шаһар мәртебесін Шымкент қаласы былтыр алды – бұл инвесторлар үшін мұнда жобаларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық және адами ресурстар бары туралы белгі, өйткені ірі компаниялардың бизнес-стратегиялар ірі қалаларға бағдарланған. «Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығы» журналы бұл инвесторлар үшін өңірге саяхаттаудың терезесі және өңірдің тартымды образын қалыптастыруда тағы бір маңызды құралы»,- деп атап өтті Нұрлан Қәбіштаев.

 

Рейтинг газеті