Түлкібаста Ұлы тұлғаның ескерткіші ашылды

Қысқаша

Кешегі күннін Ұлы тұлғаларын ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Себебі, келер ұрпақ Ұлы тұлғаларға қарап бой түзейді, тарихымен мақтанады, еңсесі көтеріледі. Рухы биік елдің болашағы да жарқын болмақ.

29.jpgКешегі күннін Ұлы тұлғаларын ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Себебі, келер ұрпақ Ұлы тұлғаларға қарап бой түзейді, тарихымен мақтанады, еңсесі көтеріледі. Рухы биік елдің болашағы да жарқын болмақ. 

Осыған орай, Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында еліміздің руханият саласын қарқынды түрде дамытуды тапсырған болатын.

Мінекей, жақында аталған бағдарламалық мақаласы аясында және Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында мемлекет қайраткері, ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды.

Іс-шарада аудан әкімі Н.Тұрашбеков қазақтың біртуар ұлы Т.Рысқұлов халқы үшін аянбай еңбек етіп, қазақ елінің тәуелсіз ел болуы жолында атқарған жұмысы мен ел басына күн туған қиын-қыстау заманда халқының амандығы мен бостандығы үшін басын қатерге тіккенін тілге тиек етті. Расында да Т.Рысқұловтың Түлкібас ауданының тарихында алар орны ерекше. Рысқұлов Түлкібас ауданының дамуы үшін барынша еңбек сіңірген тұлға. Оны қалай құрметтесек те жарасады.

Осыған орай халықтың жоғын жоқтап, мұның арқалаған асыл азаматқа арнап жаңа ескерткіш бой көтеріп отыр деді. Іс-шара да сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагері М.Төлепбергенов сөз алып, атқарылған игі іске ризашылығын білдірді. Айта кететін жайт, бұл ескерткіштер демеушілердің ұйытқы болуымен іске асты. Алдағы уақытта ауданның 90 жылдығына орай бірқатар өнегелі істер атқарылмақ. Түлкібас ауданында руханият саласы қарқынды дамып келеді.