Оқушылар ыстық тамақпен қамтылды

Қысқаша

Түркістан облысындағы білім ұяларында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Оқушыларға білім алуға ыңғайлы жағдай жасау - әрқашанда басты назарда тұратын мәселе. Себебі, білім алуға жайлы ыңғай жасалмаған жерде сапалы білім де болмайды. Осыған о

30.jpgТүркістан облысындағы білім ұяларында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Оқушыларға білім алуға ыңғайлы жағдай жасау - әрқашанда басты назарда тұратын мәселе. Себебі, білім алуға жайлы ыңғай жасалмаған жерде сапалы білім де болмайды. Осыған орай, Түркістан өңірінде білім саласында бірқатар шаруалар атқарылып үлгерді.

Бұған дейін біз Түркістанда өңіріндегі мектептердегі жөндеу жұмыстары, жылыту маусымына дайындық, жаңадан пайдалануға берілген мектептер жайлы жазған едік. Келесі кезекте мектеп оқушылары үшін маңызды нәрсе - жол және тамақ мәселесі. Сабағына уақытылы жетіп, қарны тоқ жүрген адамда өзге мәселе болмай, барлық денін оқуға қоятыны белгілі. Ойы ешқайда бөлінбейді. Бұл өте маңызды. 

Түркістан облысында мектептері жоқ елді мекендерде және білім ұялары шалғайда орналасқан 11623 оқушы 237 автокөлікпен тасымалданады. Бұл мәселе толық шешімін тапқан. 664 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен 405 145 оқушы қамтамасыз етіледі, ал, тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 22777. Оларға тамақ уақтылы беріледі. Ата-аналар, оқушылар тарапынан ешқандай шағым жоқ.

Сонымен қатар, облыста биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 138 млн. 883 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Өңірде  қажетті оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен 4,9 млрд. теңге бөлініп, оқулықтарды тасымалдау 100 пайызға орындалды.