Колледждердегі білім гранттары арнайы мониторингтік топтың айрықша бақылауында

Қысқаша

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев хабардар етті.

219.jpgБұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев хабардар етті.

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында мобильдік топ құрылды.

Мобильдік топтың басты мақсаты – оқуға түсу емтихандары кезінде қабылдау комиссиясының жұмысында, сондай-ақ, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы колледждерде білім беру гранттарын берудегі ашықтықты қамтамасыз ету.

Аталған жұмысты жүзеге асыру мақсатында Департамент және Түркістан облысының білім басқармасы арасында мобильдік топ құру туралы келісімге қол қойып, әр аудан, қаладағы колледжерге кураторларды бекітті.

Мобильдік топтың құрамына Департамент және білім басқармасының қызметкерлері, АМТ мүшелері, «Атамекен» ҰҚК өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам өкілдері енді.

Мобильдік топ туралы толық ақпарат Департаменттің «memkyzmet.kz» сайтында орналастырылған, сондай-ақ, Түркістан облысы мен Шымкент қалаласының әр колледждеріне ілінетін болады.

Айта кетейік, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына азаматтардың қатысуына мүмкіндіктер беруде.

Screenshot_1.jpg

Screenshot_2.jpg