Сыбайлас жемқорлық азайса салық түсімі көбейеді

Қысқаша

Ел тұрғындарының өмір сүру сапасын, тұрмысын жақсартуда, өңір экономикасын өркендетіп, дамытуда әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда Елбасының бағдарламаларындағы қойылған міндеттерді орындаудың маңызы өте зор.

218.jpgЕл тұрғындарының өмір сүру сапасын, тұрмысын жақсартуда, өңір экономикасын өркендетіп, дамытуда әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда Елбасының бағдарламаларындағы қойылған міндеттерді орындаудың маңызы өте зор. Осы орайда Арыс қаласында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылға белгіленген болжамды бюджет түсімдерін барлық түсім көздері бойынша, толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және салық салу базасын кеңейту» бойынша мәжіліс өтті. 

Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті Сырдария ауданаралық басқармасының басшысы Зейнабилов Әлайдар Болатұлы және Арыс қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Омаров Нұркен Зейітханұлы, қалалық мәслихат депутаттары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Гүлмира Төлегенқызы, жергілікті құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиын барысында салық түсімін арттыру, оған бөгет болып жатқан нәрселерді азайту жолдары әңгіме болды. Сыбайластықты азайту бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, талқыланды.