Мемқызметші - сыбайластыққа жол берме!

Қысқаша

Тұрғындардың жағдайына аразы айтып баратын биліктің бірінші сатысы – ол ауыл, аудан әкімдігі. Жергілікті жерде әлеуметтік мәселені толық шешіп тастамаса да, оның дұрыс шешім табуына ықпал ететін мекеме болған соң, тұрғындар ауыл, аудан әкімдіктеріне барад

220.jpgТұрғындардың жағдайына аразы айтып баратын биліктің бірінші сатысы – ол ауыл, аудан әкімдігі. Жергілікті жерде әлеуметтік мәселені толық шешіп тастамаса да, оның дұрыс шешім табуына ықпал ететін мекеме болған соң, тұрғындар ауыл, аудан әкімдіктеріне барады. Өтінішпен барған адамның тауы шағылмас үшін сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу өте маңызды.

Ағымдағы жылдың 8 тамыз күні Қаратау ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті. Оған аудан әкімі И.Кантураев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, аудан аумағындағы коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.

Семинар барысында Гүлмира Төлегенқызы Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.