Мемлекеттік қызмет - ардың ісі

Қысқаша

Мемлекеттік қызмет - ардың ісі

02.jpg

Баланың санасына – нұр құю, ертеңгі күнні еліне қызмет істейтін жастың білім көкжиегін кеңейту, дүние танымын арттыру, жақсыдан үйретіп, жаманнан жирендіру – бүгінгі буын өкілдерінің басты міндеті. Жас кезінде сапалы құқықтық білім алған адам келешекте жоспарлы түрде сапалы жұмыс істейді. Сапа болған жерде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Өз ісін сапалы атқаратын мамандар сыбайлас жемқорлықты жояды.

Сыған орай, бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаңадан ашылған Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне алғашқы дәрісті оқыды. Университет кітапханасының оқу залында өткен дәріске Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған 20 студент пен оқу ұйымының ұжымдары қатысты. 

Шара барысында Департамент басшысы мемлекеттік қызмет саласының басым бағыттары бойынша түсіндірме беріп, мемлекекеттік қызмет саласының тарихы мен қазіргі жағдайы және болашағы туралы айтып өтті. Мемлекеттік қызмет – ардың ісі екендігі айтылды. Себебі, мемлекеттік қызметшілер – ең бірінші халық үшін қызмет етеді. Мемлекеттің болашағы солардың қолында. Мемлекеттік қызметте заңсыздыққа жол берген адам – елінің түбіне балта шабады. Сондықтан да, жұмысты адал істеген абзал. Мемлекеттік қызметке қатысты дәрісте осы жөнінде айтылды. 

Сондай-ақ, болашақ маман иелеріне мемлекет қызмет туралы толық ақпарат қамтылған жадынамалар таратылды. Жиын соңында студенттер тарапынан тақырыпқа қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, олар нақты жауаптар берілді.