Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу - басты міндет

Қысқаша

Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу - басты міндет

03.jpg

Бүгін Жетісай ауданында қазан айының соңғы жексенбі күні Әлеуметтік қорғау жүйесінің күні аталып өтті. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Сондай-ақ бұл мереке 2011 жылғы Елбасының жарлығымен бекітілген болатын. Осы кезеңнен бастап елімізде қазан айының соңғы жексенбісі көмекке зәру жандарға қолдау көрсетіп жүрген әлеуметтік сала мамандарының төл мерекесі ретінде тойланып келеді. 

Жиында Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Әбжанов: 

– Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, "әлеуметтік" ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға әсер ету, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика қызметкер секілді қоғам өмірінде болып жатқан мәселелерге атүсті қарамай, мемлекетіміздің әрбір көмекке зәру жандарына қол ұшын созып жатыр. Бұл қызметтік міндеті бойынша ғана емес, адал жүректің қалауымен мейірімділік, жақсылық жасай білетін адамдардың кәсіби мерекесі, - деп әлеуметтік қорғау саласы қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтті. 

Сондай-ақ Ә.Әбжанов еселі еңбектерімен көзге түскен әлеуметтік қызметкерлерге Жетісай аудан әкімінің, "Нұр Отан" партиясының және бөлім басшысының Алғыс хатын тарту етті.