Өзбекстаннан 142 мың қорап дәрі келді

Қысқаша

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Өзбекстан Республикасымен тікелей келісі

002.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Өзбекстан Республикасымен тікелей келісімінің нәтижесінде көрші елден 142 мың қорап дәрі-дәрмек келді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Олардың арасында аскорбин қышқылы мен дексаметозон және гепарин сынды препараттар бар. Бүгін бұл науқастарға аса қажетті дәрілер облыс аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға таратылады. 

Айта кетерлігі, медициналық мекемеге түскен дәрінің әр құтысына "тегін" деген қызыл мөр қойылады. Егер де мұндай дәрілерді өзге жерден кезіктірген азамат жергілікті әкімдікке шағымдана алады. 

Сонымен қатар, облыс әкімінің келісіміне сәйкес, Түркиядан 41 түрлі дәрі қоры жеткізілетін болады. Олардың қатарында науқастарға арналған антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар мен температурана төмендетін антикоагулянттар бар. Аталған дәрілер алдағы апта облыстағы 160-қа жуық дәріханаларға шекті бағамен үлестіріледі. Дәріханалар әкімдік арасындағы меморандумға орай, дәрілерді ҚР Денсаулық министрлігі бекіткен шекті бағамен сататын болады. Заңдылықтың сақталуын арнайы мониторингтік топ бақылайды. Сондай-ақ, антибиотиктер тек дәрігердің нұсқауымен беріліп, бір адамға екі қораптан артық сатылмайды.

Осындай шарпалардың нәтижесінде өңірде дәрі-дәрмекке қатысты ахуал тұрақталып келеді.