Сарыағаш ауданында егістік алқабы артады

Қысқаша

Сарыағаш ауданында егістік алқабы артады



Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жасалған үш жақтама келісім бойынша бекітілген 26 көрсеткіштің 24-і орындалған. Ауданда былтыр өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 86 млрд. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен орындалуы 92 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде қарқынды жеміс бауы 100 га, жүзім бауы 110 гектарға артты. Сондай-ақ ауданда 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы, 9 бірлік жанұялық сүт аулалары құрылды.

image.png

Биыл ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 69,7 мың гектар жерге егіс егу жоспарлануда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бір алқаптан жылына екі-үш өнім алу жобасы аясында былтыр 100-ге жуық шаруа қожалықтарын қатыстыру жоспарланған. Ал, биыл олардың саны төрт есе артып, 400 - ге жеткізу көзделген.

Ағын су жүйесін дамыту мақсатында былтыр 607,5 млн. теңгеге 27 шақырымды құрайтын 5 нысан жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде 364 га суармалы жер қайта айналымға қосылып, 2180 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды. Биыл осы бағытта 767,3 млн. теңгеге 62 шақырымды құрайтын 11 нысан жөндеуден өткізілмек. Қайта айналымға қосылатын суармалы жер көлемін қосымша 230 гектарға және 2336,5 га жерге су өткізу мүмкіндігін жақсарту жоспарланып отыр.