Сарыағашқа биыл 25 млрд. теңге инвестиция тартылмақ

Қысқаша

Сарыағашқа биыл 25 млрд. теңге инвестиция тартылмақ



Өткен жылы Сарыағаш ауданына 22 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылса, биыл ол межені 25 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар биыл ауданда бірқатар жаңа жобаларды іске қосу жоспарланған. Атап айтсақ, жұмыртқаға қорабын шығаратын цех пен минералды су құю зауыты құрылысының жобасын іске қосу қарастырылуда.

image.png

Биыл 30 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары (дүкен, асхана, тойхана, қызмет көрсету нысандары т.б.) іске қосылып, 3 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылуы жоспарда бар.

Бұдан өзге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 2021 жылы 25 жобаға қолдау көрсетілмек.

Шипалы суымен әлемге танымал Сарыағаш шипажайына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр Сарыағаш ауданына 85 мың турист келген. Ауданға келген туристерге 50-ден астам емдік сауықтыру шипажайлары, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері, гольф клубы, 21 қонақ үй қызмет көрсетеді. Өткен жылы туризімді дамыту мақсатында жалпы құны 378 млн. теңге болатын төрт нысан іске қосылып, 60-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылған.

Биыл ауданның туристік индустриясының қазіргі жағдайын зерттеу жүргізу мақсатында және түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен 10 млн. теңгеден аса қаржы қарастыру жоспарланып отыр.