Қоғамдық көліктер қызметінің сапасы артуда

Қысқаша

Қоғамдық көліктер қызметінің сапасы артуда

Қоғамдық көлік мәселесі бүгінде өзекті болып отыр. Маңыздылығы жоғары бұл мәселені Сайрам ауданы оңтайландырып келеді.

image.png

Осы орайда, Сайрам ауданында қоғамдық көліктер қызметінің сапасын көтеру басты назарға алынуда. Еліміздің «Автомобиль көлігі туралы» заңына сәйкес, қоғамдық көліктердің қызмет сапасын және техникалық жағдайын жақсарту үшін субсидиялау қажет. Осы мәселені түпкілікті шешу мақсатында 11.12.2020 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен Сайрам ауданы бойынша 5 ауданішілік әлеуметтік маңызы бар бағыттар қайта айқындалған. Осы бағыттар тасымалдаушы мекеме тарапынан өз шығындарын ақтай алмайтындар қатарына қосылғандықтан, әлеуметтік маңызы бар бағыттарға 2021 жылы субсидия қарастыруға 6,0 млн теңгеге ұсыныс енгізіліп, қазіргі таңда тасымалдаушы мекеме «ЯНС» ЖШС мен аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 15.06.2021 жылы келісім шарт түзілген.

Атап айтқанда:

1. «Ақсукент-Аққала»

2. «Ақсукент-Қорғаншы»

3. «Ақсукент-Манкент айналма жол»

4. «Ақсукент-Ақсу аурухана»

5. «Ақсукент-Емхана» бағыттары