«Ауыл - Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда

Қысқаша


«Ауыл - Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда

Елбасы Н. Назарбаев «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.

image.png

Осыны негізге ала отырып, Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Көлкент ауылдық округінде басталды. 22 мыңнан астам тұрғыны бар Көлкент ауылында алдағы күндері 105 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл жоспар барысы аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен мәжілісте сөз болды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мади Абайұлы қолға алынатын шараларды баяндады.

- Жоспарда Көлкент ауылдық округіндегі электр трансформаторлары мен электр бағаналарына зерделеу жүргізу, ретке келтіру, Ханқорған ауылының тозығы жеткен электр бағаналары мен электр желілеріне инвестжобаға сәйкес 8 шақырым СИП орнату, ауыл тұрғындарымен бірлесіп, сенбілік ұйымдастыру бар. Сондай-ақ, Шапырашты ауылының ауыз су жүйесінің тозығы жеткен темір - бетон құдықтарын қалпына келтіру, Жантақсай аумағына арналған су сорғысын ауыстыру және де 2020 жылы орташа жөндеуден өткен елдімекеннің ішкі 6 көшелерін тексеріп, пайда болған ахауларды қайта қалпына келтіру, Көлкент ауыл округінде елді мекеннің ішкі көшелеріне және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жол белгілерін орнату, ескірген жол белгілерін ауыстыру, жасанды жол кедергісін қажеттілікке қарай орнату, жолақтар сызу жұмыстары да қарастырылмақ. Көлкент ауылдық округіндегі аудандық маңызы бар KXSR-17 "Теспе - КХ-37 облыстық маңызы бар автомобиль жолын" күрделі жөндеу жұмыстарына ұсыныс енгізуді де жоспарға енгіздік,- деді Мади Абайұлы.

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы М.Нұрлыбаевтың баяндамасын аудан басшысы сынға алды.

- «Көп жоспар, жұмыс барысы формально болып барады. Мысалы, ауыл шаруашылығы жерлерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбауына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау бұл жер бөлімінің жыл он екі ай атқаратын жұмысы. Онкүндікке енгізудің қажеті жоқ. Онкүндіктің негізгі мақсаты - нақты мәселе көтеру! Көлкент ауыл округі аумағында цифрландыру жұмыстарын ұйымдастыру делінген. Оны ұйымдастырып жатқанымызға бір жарым жыл болды.Каналдарға бақылау жүргізу, шаруашылық және үйіргелік жерлерге тамшылатып суғару әдісін ендіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Ол онсыз да істеліп жатқан жұмыс. Онкүндік аясында емес! Ұйымдастыру бөлімі анализ жасамайды. Нақты цифрлармен, нәтижесін нақтылап жұмысты көрсету керек! – деп нақтылады аудан әкімі.