Қазақ-өзбек достығы әлемге үлгі!

Қысқаша

Кездесу барысында шетелдік қонақтар Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысына оң бағасын берді. Татулық пен тұрақтылықтың ұйытқысына айналған ұйым құру бүкіл елге үлгі боларлық ақылды шешім екенін жеткізді.

Screenshot_8.png

Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов Қазақстанға арнайы іссапармен келіп, соңғы онкүндікте ел аумағын аралауда. Делегация өкілдері түрлі этнос өкілдері жиі шоғырланған Шымкентке де ат басын бұрды. Олар 85 жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, екі ел арасындағы ынтымақтастық жайында әңгіме өрбітті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Өзбекстаннан келіп білім алатын студенттер саны артып келеді. Бұл екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығайып келе жатқанынынң көрінісі. Бас қосу барысында қос тарап екі ел арасындағы байланысты одан әрі бекіте түсу жайын сөз етіп, ұсыныс –тілектерін жеткізді.

"2021 жыл Өзбекстан үшін ерекше жыл. Біз де Қазақстан секілді биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлағалы отырмыз. Сонымен қатар, биылғы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа да 30 жыл толып отыр. Бауырлас халықтардың арасындағы байланыс жан-жақты нығайып жатқанына қуаныштымыз",- дейді Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісіМехриддин Хайриддинов.

Азаттықты қатар алған қос мемлекет тәуелсіздік жылдарынан бері дамудың даңғыл жолында. Осы бағытта бір-біріне барынша қолдау көрсетіп, қол ұшын созуда. Басқосу барысында оқу орындағы байланыс пен білім жүйесіндегі өзгерістер жөнінде сөз қозғады. Бүгінде оқу орын шетелдік студенттерді жатақханамен қамтып, білім алуына қолайлы жағдай жасаған. Қонақтар бұл мәселені де ескеріп, алғысын жеткізді.

Кездесу барысында шетелдік қонақтар Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысына оң бағасын берді. Татулық пен тұрақтылықтың ұйытқысына айналған ұйым құру бүкіл елге үлгі боларлық ақылды шешім екенін жеткізді.


 


    A+
Уақыты: 2021-07-18  Айдарша: Өңір
TAG: