Қаратау ауданында көгалдандыру ісі қарқын алды

Қысқаша

Сондай-ақ, көгал алаң жасау жұмыстары атқарылуда. Аталған үйлердің ауласын аралау барысында аудан басшысы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекемеге аулаларға күз маусымына қарай ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізу қажеттігін

Screenshot_7.png

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде «Нұрсәт» шағынауданындағы №109-117 көпқабатты үйлер аулаларының абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты. 

Аталған ауланың жер теліміне қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізілуде:  суғару құбырлары орнатылып, жасыл желектерді суғару мақсатында арнайы тік ұңғыма қазылуда. 

Сондай-ақ, көгал алаң жасау жұмыстары атқарылуда. Аталған үйлердің ауласын аралау барысында аудан басшысы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекемеге аулаларға күз маусымына қарай ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды.

Бүгінде қала аумағында 8 саябақ, 39 гүлзар мен аллея, 50 ескерткіш күтімге алынған. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы теңгеріміндегі жасыл желектер көлемі 152 гектарды құраса, оның 115 гектары саябақ аймақтарына тиесілі. Сондай-ақ, қаладағы 37 субұрқақ пен 44 ұңғыманы күтіп-ұстау міндеттері де осы басқармаға жүктелген.

Айта кетейік, жуырда қала әкімі М.Әйтенов қаланы абаттандырудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын.Тұжырымдамада құрылыс қарқын алып жатқан жаңа шағын аудандарда саябақтар мен аллеялар құрылысын жүргізу, жасыл желек қорын қалыптастыру, қала көшелеріне ыстық ауа райына бейім келетін көпжылдық гүлдер тұқымын отырғызу, мазарат аймақтарын күтіп-ұстау, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруда «асфальт, аяқжол төсемелері және көгал» ұстанымын басшылыққа ау, тұрғын үйлердің қас беттерінің жарықтандырылуы, аулаларда қолайлы орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылып, балалар ойын алаңшалары болуы керектігі қамтылған.


    A+
Уақыты: 2021-07-18  Айдарша: Өңір
TAG: