Қауіпсіздіктің алдын алу бойынша рейд жүргізілуде

Қысқаша

Қауіпсіздіктің алдын алу бойынша рейд жүргізілуде

15.jpg

Ордабасы ауданында  маусымдық төтенше жағдайлар бойынша орман-дала өрттері, жасөспірімдердің қауіпті аймақтарда суға шомылуы, ондағы қауіпсіздіктің алдын-алу бойынша тұрақты түрде үгіт-насихат пен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Аудандық төтенше жағдайлар комиссия отырысында осы мәлелелерге байланысты ауыл округі әкімдері мен тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, орындалуы қатаң бақылауға алынды.

Бүгінде ауыл округі әкімдері, полиция бөлімі, жастар орталығының еріктілері, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге 33 мәрте рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде 3450 дана жадынама таратылды. Полиция бөлімі тарапынан 122 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық ауыл округтерінде шомылуға қауіпті су айдындарының жағалауларына ауыл округі әкімдері тарапынан 50 дана ескертпе тақтайшалары ілінді. 

Сонымен қатар, орман-дала өрттерінің алдын-алу бағытында орман аумағы мен тас жолдардың бойларына 25 дана ескертпе тақтайшалары орнатылды. Аудандық «Ордабасы- Оттары» газетіне 5 мақала жарияланып, «Айғақ» және «Оңтүстік-Қазақстан» телеарналары арқылы 4 бейне роликтер және әлеуметтік желілер арқылы 35 мақала жарияланды.

Статистика бойынша биылғы шомылу маусымынан бастап қазірге дейін облыс көлемінде 27 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның ішінде ересектер 7 адам болса, 20-сы жасөспірімдер. Қайғылы жағдай тұрғындардың шомылуға тиым салынған жерлерде шомылуы және жас балаларын бақылаусыз қалдыру салдырынан орын алған.

Осы орайда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жауаптылары аудан тұрғындары мен қонақтарына өрт және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын ескертеді.


    A+
Уақыты: 2021-07-01  Айдарша: Өңір
TAG: