Жастарға барынша қолдау көрсетіледі

Қысқаша

Жастарға барынша қолдау көрсетіледі

14.jpg

Жастардың өз кәсібін бастауына барынша қолдау көрсетіледі. Ордабасы  ауданының әкімі Бағлан Батыршаев белсенді жастармен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Аудандық Жастар сарайында өткен жиында өңір жастары ұсыныс-тілектерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелерге жауап алды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында аудан басшысы жас кәсіпкерлердің ашық аспан астындағы көрмесін тамашалады. Жастардың ой-пікірлерін тыңдады. 

Көрмеге ауыл шаруашылық, кондитерлік өнімдері мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылды. 

Еркін форматта өткен жиында жұмыссыздық мәселесіне баса назар аударған Бағлан Дәнебекұлы екі қолға бір күрек таппай жүрген жастарды аудандағы кәсіпкерлік нысандарда өндірістік тәжірибеден өтуге, «Жастар практикасы» арқылы мемлекеттік қызметке келуге шақырды.

Ауданымыздың ауыл, елді мекенінен келген жастармен ой бөліскен аудан әкімі тоқсан сайын айтары бар жастармен еркін форматта кездесіп тұратындығын жеткізді.

Айта кетері, жастарды кәсіпкерлікке оқыту бүгінде Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жүргізілуде. Өздерінң кәсіпкерлік жобаларын өміршеңдігін дәлелдеген жастарға мемлекет тарапынан гранаттар берілуде. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етері анық.  



    A+
Уақыты: 2021-07-01  Айдарша: Өңір
TAG: