Уәкіл мемлекеттік қызметкерлермен пікір алмасты

Қысқаша

Уәкіл мемлекеттік қызметкерлермен пікір алмасты

22.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында:

- Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет,-деген болатын.

Осы тұжырымдама аясында Түркістан облысы Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысы әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Бұл туралы  Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік қызметшілермен кездесуді Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінен бастап, одан кейін Жетісай қаласының әкімдігінде болды. Түстен кейін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлерімен кездесіп, қолданыстағы заңнама аясындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты шектеулер мен тыйымдар, мемлекеттік қызметшілердің әдебі бойынша түсіндіру-профилактикалық жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, ауыл, қала, кент әкімдері, бөлім басшылары мен бас мамандар қатысты. 

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызмет кезіндегі, қызметтен тыс уақыттағы әдебі, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, іскерлік киім және телефон әдебі түсіндіріліп, әріптестермен алда атқарылатын жұмыстар туралы пікір алмасты.

Кездесуден кейін, Жетісай ауданы әкімдігінде 3 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың сұрақтарына заң аясында толық әрі нақты жауап берді. 


    A+
Уақыты: 2021-05-21  Айдарша: Өңір
TAG: