Президент көмекшісі отырарлықтармен кездесті

Қысқаша

Президент көмекшісі отырарлықтармен кездесті

23.jpg

Қазақстан Президентінің көмекшісі-Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова Түркістан облысы Отырар ауданына арнайы іс-сапармен келіп, биылдың бірінші шілдесінен бастап қолданысқа енгелі отырған ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің ереже-талаптары жөнінде жиналған жұртшылыққа кең көлемде жан-жақты түсініктеме беріп, бұл мәселеге байланысты қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарды. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігі хабарлады. 

Президент көмекшісінің бірнеше министрліктердің жауапты қызметкерлерін ерте келген мазмұнды жиынды аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ашып, өткізіліп отырған жиынның ең басты көздеген мақсаты Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру екендігіне ерекше тоқталып өтті.

Күшіне енгелі отырған аталмыш кодекске байланысты сауалдарға Тамара Қасымқызымен бірге жиынға қатысып отырған ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Бақыт Әбішев пен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев та тұщымды жауаптарын берді.

Мазмұнды жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ә.Жүнісов ауданымызға арнайы келіп, шілде айынан бастап өмірге жолдама алғалы отырған кодекске қатысты жан-жақты түсінік берген Т.Дүйсенова мен өзге де құрметті қонақтарға шынайы алғысын айтып, жауапты қызметтеріне табыс тілеген жылы лебіздерін білдірді.


    A+
Уақыты: 2021-05-20  Айдарша: Өңір
TAG: