«Медиа-кэмпинг -2021» шарасы өтті

Қысқаша

Сондай-ақ «Шым тур» компаниясының директоры Лайла Бисекенованың айтуынша, біркүндік турға екі адамға арналған ұшақтан секіру, төрт сағаттық инструктаждан өткені туралы сертификат кіреді.

Screenshot_5.png

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкентте  «Бүркіт» әскери спорттық базасы ашылғанболатын. Енді бұл нысан шымкенттіктер мен қала қонақтары келетін туристік нысанның бірі болады. Бұл туралы шаһарда өткен  «Медиа-кэмпинг -2021» атты  іс-шарада айтылды. 

Сайрам тұрғын алабындағы нысанның халық арасындағы танымалдылығын арттыру мақсатында өткен іс-шара экстрималды спорттың жанкүйерлері мен қала тұрғындарына тамаша көңіл күй сыйлады. 

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған әскери спорт базасының жұмысымен танысып, қаланың туристік нысанына айналдыру жөнінде тапсырма берген болатын. ҚР Қорғаныс Министрлігінің балансындағы нысан 256 га аумақта орналасқан. Қазіргі таңда, бұл аумақта «Шымкент қаласының парашютты спорт федерациясы» базасы жұмыс істейді. 

- Біз ҚР туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар шараларды өткізіп жатырмыз. Мәселен  «Гид Онлайн» компаниясымен бірге «Медиа-кэмпинг» шарасын өткіздік. Қазіргі таңда көпшілік демалысты табиғат аясында өткізуді қалайды. Шара барысында келушілердің экстремалды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндігі бар. Республикамыздың тек үш аймағында жылына орта есеппен 500 экстремалды спорттың жанкүйерлері осында ат басын бұрады. Базаның туристік нысан ретінде маңызын арттыру біздің алдымызда тұрған мақсатымыздың бірі-деді туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы О.Шинтаев.

Сондай-ақ «Шым тур» компаниясының директоры Лайла Бисекенованың айтуынша, біркүндік турға екі адамға арналған ұшақтан секіру, төрт сағаттық инструктаждан өткені туралы сертификат кіреді. 

-Сүйіктіңізге әуе кеңістігінен ұсыныс жасау мүмкіндігі бар. Әсерлі сәтті фотоға түсіріп, естелікке қалдыра аласыз. Одан бөлек жарты сағат ат үстінде серуендеуге болады. Бәрі аяқталған соң арнайы көлік діттеген жеріңізге жеткізіп салады,-дейді компания директоры. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, парашютпен көктен секіру өте қызық. Мұндай ерекше спорт түрі жылда екі мыңдай адамды қамтиды деп күтілуде. 

Жалпы іс-шара барысында ойын-сауық бағдарламасы, спорттық сайыстар, интеллектуалдық ойындар және бизнес өкілдерінің тауарлары ұсынылды.


    A+
Уақыты: 2021-05-24  Айдарша: Өңір
TAG: