Сайрам: Жылыжайдың жұмысы жемісті

Қысқаша

Қайнарбұлақ ауылының шетінде орналасқан «Нұршатемір» ЖШС Сайрам ауданы игілігіне жұм

Новость на Казах-зерно:

Қайнарбұлақ ауылының шетінде орналасқан «Нұршатемір» ЖШС Сайрам ауданы игілігіне жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда серіктестік жылыжайларында витаминдік өнімдерді өсірумен қатар Шымкенттің агроколледж студенттерін үйретеді.

Жылыжай 2017 жылдың наурыз айында іске қосылып, қазіргі таңда қияр өсірумен айналысады.

Жылыжай тұрақты 21 адамды жұмыспен қамтып отыр. Орташа жалақысы 65000 теңгені құрайды. Жылыжайға жалпы 700 млн. теңге қаржы жұмсалған. Оның ішінде 541,0 млн. теңге "ҚазАгроҚаржы" есебінен жұмсалса, 159,0 млн. теңгесі – жеке қаражат.

Екі гектар аумақта «Чайковский» сұрыпындағы үгіршіктер егілген. Бұл неміс және голланд сұрыптарының гибриді.

Әр бұтаның астына ылғал тамшылап суару арқылы жетеді. Өсімдіктер қатарынан бір деңгейдегі шпалераға байланады.

Жұмыс көп еңбекті, сабырлықты талап етеді. Барлық агротехникалық талаптарды сақтайтын болса, тынымсыз еңбек өзін ақтап шығады.

Жылыжайда өсірілген дәрумендерге бай көкөністер аудан орталығының базарларында сатылып жатыр. 

    A+
Уақыты: 2020-09-21  Айдарша: Өңір
TAG: