Сайрам: 5 мыңға дейін төрт түлікті қабылдауға қауқарлы

Қысқаша

Сайрам ауданы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекеті жұмыс істейді. Жылына 2 млн. 400 мың тонна

100 кәсіпкер мал бордақылаумен айналысады — «Ońtústik» телеарнасының ресми  сайты

Сайрам ауданы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекеті жұмыс істейді. Жылына 2 млн. 400 мың тоннаға жуық қой етін тұтынатын Иран Ислам мемлекетінің нарығына ет шығару Қазақстан үшін ет эскпортын арттыруға зор мүмкіндік. Осыны тиімді пайдаланып отырған Сайрамдық «Қайып ата» ЖШС-гі бүгінде ет экспорттау ісін мықтап қолға алған. 

Мал сою бекеті бүгінде Иран, Ресей, Өзбекстан елдерімен тығыз байланыс орнатқан. Құрылғылары да заман талабына сай. Аталған нысан 2 мыңнан 5 мың басқа дейін төрт түлікті қабылдауға қауқарлы. Жылқыға, қара малға, уақ малға арналған орындар қарастырылған.

Аудан іргесінде орналасқан серіктестіктің мал сою бекетінде тәулігіне 1000 басқа жуық ұсақ мал сойылып, арнайы қаптамаларға салынады. Халықаралық талаптарға сай етіп салынған кешенде мал союға барлық жағдай жасалған. Кешенде мал сою орындары, қоймалар мен арнайы тоңазытқыштар орнатылған. Бұл жұмыстың өнімділігі мен сапасының артуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, «Қайып ата» ЖШС-нің Қазығұрт ауданында орналасқан мал бордақылау кешені де бар. Кешенде бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Серіктестіктің еншісінде 20 мың бас ұсақ малға арналған қора да бар. Кешенде өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шет ел нарығына шығару жұмысын да қолға алған. 

    A+
Уақыты: 2020-09-21  Айдарша: Өңір
TAG: