Сайрам: Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады

Қысқаша

Бүгінгі таңда Сайрам тұрғындарын алаңдатып отырған жағдай - жол мәселесі. Қазір ауданд

На изображении может находиться: небо, дерево, облако, на улице и природа

Бүгінгі таңда Сайрам тұрғындарын алаңдатып отырған жағдай - жол мәселесі. Қазір ауданда жолдарды жөндеу, кеңейту жұмыстары қызу жүргізілуде. Аудандағы кейбір жолдардң тозығы жеткен. Бүгінде бұл қиын түйіндер ретімен шешілуде. Құрылысшылардың  пікіріне  сүйенсек   бұл    күрмеуі  шешілетін   уақытша   қиындық.

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтың және Жібек жолы ауылдық округінің әкімі А.Тураровтың 2019 жылдың атқарылған жұмыстары туралы халық алдында берген есебі кезінде жол туралы бірқатар тапсырма берген болатын. Атап айтқанда, Сиқым ауылы Дулатов көшесі тұрғындарынан көшені асфальттап беру туралы түскен ұсынысқа сай қажетті қаражат 2020 жылы аудан бюджетінен бөлінді. 

Бүгінде Дулатов көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады. Жуырда ауыл тұрғындары жаңа жолдың игілігін көрмек. 

Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген.

Көптен бері қордаланып келе жатқан күре жолдың жөнделуі тұрғындардың қуанышын арттыра түсті. Игі істің ұйытқысы болған аудан әкімі Ұ.Сәдібековке ауыл тұрғындарының алғысы шексіз!

    A+
Уақыты: 2020-09-08  Айдарша: Өңір
TAG: