Сайрам: Тамшылатып суғару әдісі - күн тәртібіндегі бірінші мәселе

Қысқаша

Сайрам ауданы әкімі ауданға қарасты ауыл аймақтарды барлау жұмыстарына кірісті. Ақсу а

На изображении может находиться: 1 человек, стоит, костюм и на улице

Сайрам ауданы әкімі ауданға қарасты ауыл аймақтарды барлау жұмыстарына кірісті. Ақсу ауылының Ақсукент-2 көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы ескі қазандықтардың аумағында қоқыс алаңын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аталған аумақтағы жұмыс барысымен танысып, тұрғындармен кездесті, Жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдаған аудан басшысы Ақсукент ауылдық округі мен аудандық Сайрам Жкх бөліміне нақты жұмыстарды қолға алуды жүктеді.

Бұдан кейін Сұраншы батыр көшесіндегі N8 тұрғын үй тұрғындарының өтініші бойынша осы ауладағы тозығы жеткен кәріз жүйесінің жағдайын көрді.

Аудандағы күн тәртібінен түспеген маңызды шаруалардың бірі - тамшылатып суғару әдісі. Ақсу ауылында да бұл шаруаны қолға алғандар бар. Ұласбек Сәдібекұлы Жандосов көшесінің тұрғынының лимон өсіру кәсібімен танысты.

Іс-сапар соңында аудан әкімі N1 Сайрам балалары саз мектебінің ғимаратын аралады.

    A+
Уақыты: 2020-09-08  Айдарша: Өңір
TAG: