Созақ: Амблаторияға оттегі концентраторын сыйға тартты

Қысқаша

Қазір коронавирус індетінің елімізде саябырсығаны рас. Десе де медицина мамандары бос

image.png

Қазір коронавирус індетінің елімізде саябырсығаны рас. Десе де медицина мамандары босансымауды, кез келген жағдайға дайын болу қажеттілігін айтуда. Сондықтан аурухана, дәріханалар үздіксіз бақылауға алынуы тиіс.

Созақ ауданында бүгінде дәрі немесе басқа да медициналық құралдарға аса қажеттілік туындап тұрған жоқ. Себебі науқастардың вирустан беті қарап, біразы үйлеріне қайтарылған. Десе де ауруханалардағы жағдай тұрақты болуы, ондағы тыныс алу аппараттары сақадай сай тұрғаны абзал. Осы ретте аудандық маслихатының хатшысы Бегімбет Байғараев оттегі концентратын табыс етті

Қашанда көмек қолын созатын жомарт жанды азаматтар, пандемия кезінде де аянып қалмады. Аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев Созақ ауылдың амблаториясына оттегі концентратын сыйға тартты.
Созақ ауылдық амбулатория меңгерушісі Аян Төлекенов: «Туған жер алдындағы перзенттік борышын ұмытпай, қажетті медицналық құрал жабдықтарды сыйға тартқан ауылдасымыз Бегімбет Биімбетұлына үлкен алғысымды білдіремін», - дейді.
Бүгін міне осындай жанашыр азаматтарымыздың жасап жатқан игі істері, елімізде орын алып отырған қиын шақта үлкен көмек болып отыр.

    A+
Уақыты: 2020-08-26  Айдарша: Өңір
TAG: