Созақ: Талап - пендеден, қолдау - тәңірден

Қысқаша

Қиын сәтте жақыныңа қолдау көрсету - адами борыш, пенделік парыз. Биыл тек біздің елді е

image.png

Қиын сәтте жақыныңа қолдау көрсету - адами борыш, пенделік парыз. Биыл тек біздің елді емес, барша әлемді жаулаған тәж вирусымен күрес белең алып, біршама адамның жанын алып, ел басына қиын күн түскені белгілі. Осындай сәтте қандастарына көмек беремін деуші жаны жайсаң азаматтар да болмады емес.
Созақ ауданының кәсіпкер азаматтары, ел басына қиын сәт түскенде көппен бірге пандемиямен күресте белсенділік танытып, бұл сынақты еңсеруге үлес қосты. Мәселен, бүгін ауданның азаматы, атымтай жомарттығымен танылған, меценат Қайрат Беркінбаев Созақ аудандық орталық ауруханаға жасанды жолмен демалуға көмектесетін 2 оттегі концентраты мен 2 пульсоксиметр сыйлады. Тарту етілген құрылғы аудандық орталық ауруханадан ашылған провизорлық стационарына қолданысқа беріледі.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Талғат Әлішерұлы: "Қажетті медициналық құрылғыны сыйға тартқан Қайрат Беркінбаев ағамызға алғысымды білдіремін. Біз үшін баға жетпес тарту болды»,- дейді.
Осындай жанашыр азаматтарымыздың жасап жатқан игі істері елімізде орын алып отырған қиын шақта үлкен көмек болып отыр.

Ауданда бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, науқастар саны саябырсыған.

    A+
Уақыты: 2020-08-26  Айдарша: Өңір
TAG: