Келес ауданында сауда орталығы мен жүк көлігі жанып кетті

Қысқаша

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында сауда орталығынан өрт шықты.

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында сауда орталығынан өрт шықты. Қызыл жалын ғимараттың екінші қабатын шарпып, жапсарлас салынған қоймаға өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңғы 06:05 шамасында шыққан. Жалыннан сауда орталығының 250 шаршы метрі отқа оранып, жанындағы қоймада тұрған«Газель» жүк көлігі де жанып кеткен.

Шақырту бойынша 30 төтенше жағдай қызметкері мен 7 өрт сөндіру автотехникасы, полиция бөлімі мен жедел жәрдем қызметкерлері жетті.

«Тілсіз жау сағат 07:10 кезінде оқшауланып, 08: 10 минутта толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда» делінген хабарламада.