Өзбекстан Президенті Тоқаевпен Түркістан облысындағы жағдайды талқылады

Қысқаша

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz

2020051716554714050_2020051716371145080_b3d306dd-6246-90e6.jpg

Өзбекстан Президентінің ресми сайтында хабарланғандай, Мирзиеев Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел басшылары Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша тиімді өзара іс-қимыл мен жүргізіліп жатқан практикалық жұмыстарды және екіжақты сауда-экономикалық қатынастарға коронавирус инфекциясының таралуының теріс әсерін азайту жайын сөз етті.

Өзбек-қазақ қатынастарының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралады.

Диалогтың институционалды тетіктерінің қызметін жандандыру және өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика сынды басқа да салалардағы перспективалық бағыттар мен ынтымақтастық жобаларды ілгерілетіп, өзара сауда мен инвестициялар көрсеткіштер өсімін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен күш-жігерді арттыру қажеттілігі айтылды.