Құрылыс партия бақылауында

Қысқаша

Құрылыс партия бақылауында

Screenshot_21.jpg

"Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері аудан орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардың жұмысымен танысып шықты. Комиссия мүшелері алдымен   «Жастар орталығы» ғимаратына барды. Құрылыс жүріп жатқан нысан жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған. Мұнан кейін мамандар А.Сүлейменов, Ә.Молдағұлова атындағы атындағы жалпы орта мектептерінің қосымша ғимараттарындағы жұмыстармен танысып шықты. Құрылыс комапнияларына білім ошақтарының стандартқа сай болуын тапсырды. Сондай-ақ құрамында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов, комиссия төрағасы Б.Тұрғанбаев, мүшелері Ә.Сөлтеков, Ж.Төлепбергенов, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Жабағиев бар топ зерделеу жұмыстары барысында бірқатар объектілер бойынша құрылыс сапасының талаптарға сәйкес орындалуы мен мерзіміне мән беру, құрылысшылар санын арттыру, т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар білдірді. Аталған объектілердегі құрылыс жұмыстарының барысы алдағы кезеңде де аудандық партия филиалы мен аудан әкімдігінің жіті назарында болады.