Жетісайда 60 пәтерлі тұрғын үй бой көтермек

Қысқаша

Жетісайда 60 пәтерлі тұрғын үй бой көтермек

Screenshot_4.jpg

Жергілікті тұрғындарға өмір сапасын арттыру үшін инфрақұрылымның жүргізілгені әрине аса маңызды. Себебі тіршілік көзі су, жарық, жол, газ секілді мәселелер халықты қашанда толғандырып келеді. 

Осы орайда Жетісай ауданы әкімдігінің брифинг залында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев пен осы мекемеге қарасты "ЖЕТІСАЙ" КММ басшысы Нұрбол Байтілесов жергілікті БАҚ өкілдеріне 8 ай бойынша атқарған жұмыстарының есебін берді.

Алғаш болып сөз алған  Мырзабек Абишев аудандағы 101 елді мекеннің

185 838 тұрғыны  орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілгенін айтты.  Елді мекен санына шаққанда ауыз сумен қамтамасыз ету 89,3 пайыз, халық санына шаққанда 99 пайыз қамтылғанын мәлімдеді.

Тұрғын үй мәселесі бойынша жағымды жаңалығымен бөліскен бөдлім басшысының айтуы бойынша Жетісай ауданының аумағын кеңейту бойынша 80 гектар аумаққа 5 қабатты 60 пәтерлі 1 үй, және 5 қабатты 20 пәтерлі 1 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілу үстінде екен. Аталған жұмыстарды келесі жылы толық аяқтауды көздеп отырмыз дейді.