Көшеге асфальт төселді

Қысқаша

Көшеге асфальт төселді

Screenshot_22.jpg

Түлкібас ауданында жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі де тұрақты назарда болып, әр жылы аудан орталығында және елді мекендерде көшелер асфальттанып жатыр.    

    Бүгінгі таңда ауданның бет-бейнесі әрі орталығы Т.Рысқұлов ауылында тағы бір көше орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз қызметінің мамандары хабарлады. Орташа жөндеуден өткен Арыс көшесінің ұзындығы 1,3 шақырымды құрайды. Талай жылдан бері жөндеу көрмеген көшенің ойы-шұқыры шығып, аптап жазда шаңға бұғып, жаңбырлы күні батпаққа батып жататын. Енді міне, мамандар тұрғыны көп көшені ретке келтіріп, асфальт төсеп берді.

    «Жол қадірін жүрген білер» демекші, бұдан біраз жыл бұрын аудан халқы «жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес» деп билікке базыналарын айтатын. Ал қазір ондай әңгімелердің ауылы алыстады. Өйткені, әр жылы ауылдарда кемінде 3-4 көшеге тас жол салынып, тұрғындар өз алғыстарын айтып келеді.