2025 жылға дейін 184 мектеп салынады

Қысқаша

2025 жылға дейін 184 мектеп салынады

Screenshot_31.jpg

Міне, жаңа оқу жылы да таяп қалды. Осыған орай мамандар жақында тамыз кеңесінде білім саласын бір пысықтап алды.  Мамандардың мәліметінше Түркістан облысында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға қамту 96,5 % -ды құрап, жыл соңына дейін 100 % -ға жеткізу міндеті тұр. Биыл 11-сыныпты – 24513 түлек бітірсе, 9-сыныпты 38 мың бітірушінің 10 мыңға жуық түлегі колледжге оқуға түскен.

Жыл сайын оқушы санының өсуіне байланысты 2018-2025 жылдарға дейін облысқа жаңа 184 мектеп салу жоспарланған болатын. Биыл 68 білім нысанының құрылысына 23,5 млрд. теңге бөлініп, биылғы жылдың соңына дейін 22 нысанның құрылысы пайдалануға беріледі, қалған 46 білім нысаны 2020 жылға өтпелі.

Жаңа оқу жылынан бастап, үш жаңа пәндер енгізіледі. Атап айтқанда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Кескін және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытыла бастайды, жаңа бағдарламаға сәйкес 9-сыныптарға «Құқық негіздері» пәні енгізіліп отыр.

Биыл жаңартылған мазмұнға 4, 9, 10-сыныптар өтеді, ал 11-сыныптардың келесі жылы өтуіне байланысты республиканың 30 мектебінде апробация жүргізіледі. Оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында өткен жылы екі ауданның оқушыларына білім деңгейлеріне экспримент жасалынған. Нәтижесінде, жоғары көрсеткішке ие болды. Осындай аса күрделі әрі көлемді эксперимент елімізде бірінші рет өткізілді.