Кәсіпкерлер үшін алғашқы баспалдақ

Қысқаша

Кәсіпкерлер үшін алғашқы баспалдақ

Screenshot_9.jpg

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қосты. Осы тұрғыда кәсіппен айналысып, табысты болуды қалайтын жастарды қолдап, оларға мүмкіндік беру мақсатында Шардара ауданы  Қызылқұм ауылдық округінің тұрғындары және жастарымен «Жас кәсіпкер» бағдарламасын насихаттау бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде мамандар бизнес бастаудың қыр-сырын үйретіп, мемлекеттік қолдаулардың жөн-жобасын түсіндірді. 

«Жас кәсіпкер» – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылатын болады. Мұнда іш пыстыратын дәрістер және ескірген деректерге орын жоқ. Шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтар, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға терең бойлау бар.

«Жастар жылында «Атамекен» жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобада оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады.