«Сұңқар» қауіпсіздікке «жауап береді»

Қысқаша

«Сұңқар» қауіпсіздікке «жауап береді»

Screenshot_15.jpg

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолауында қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстауды тапсырған болатын. Елбасының тапсырмасына сәйкес әр өңірде «Сергек» сынды бейнебақылау камералары жаппай орнатылуда. 

Осы орайда Түлкібас аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылының халық көп шоғырланатын орындары мен орталық көшелерінің көлік қозғалысын бақылауға арналған 24 соңғы үлгідегі заманауи «Сұңқар» бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бұл камералар полиция қызметкерлерінің жұмыстарын жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі, осы көмекші құрал арқылы іздеген - жоғын табады, ұрының жолы кесіліп, жол ережесін бұзғандар анықталады. «Сұңқар» камераларының бір ерекшелігі – олар қараңғыда да «жақсы көреді», яғни мүмкіндігі жоғары. Сапасы жоғары құрылғы қақаған аязға да, аптап ыстыққа да шыдас береді дейді мамандар.