Енді құжаттың бәрі перзентханада рәсімделеді

Қысқаша

Енді құжаттың бәрі перзентханада рәсімделеді

Screenshot_21.jpg

Жаңа туған сәбиді мекен-жай бойынша тіркеу босанған аналар үшін қиынға соғатын. Бұрын Халыққа қызмет көрсету орлағына нәрестесін арқалап барып, ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр еді. Мұның бәрі енді артта қалды. Себебі қазір жаңа туған сәбиді халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ бірден перзентханада тіркеуге болады. Тиімді қызметке Түркістан қаласының тұрғыны Ұлжалғас Бүркітбаева ерекше қуанды.  Төртінші перзентін босанғанына небәрі 2 күн болған келіншек перзентханада отырып сәбиінің туу туралы куәлігімен қатар, оны мекен-жайын да тіркеп үлгерді.   «Алғашқы босанғанымда ХҚКО-ға барып тіркелетінмін. Қазір перзентханада электронды түрде тіркеп жатыр. Осы жерден метркемізді алып кетіп жатырмыз. Маған өте ыңғайлы тиімді болды»,- дейді ол.  

Бұған дейін ата-аналар перзентханадан шаққанға дейін тек  баланың туу туралы куәлігіне, әлеуметтік жәрдемақының тағайындалуына және балабақша кезегіне бір ғана смс-хабарламаның көмегімен қол жеткізетін. Енді бұл тізімге мекенжай бойынша тіркелу қызметі де қосылды.

Айта кетейік, Қазақстан - ТМД мемлекеттерінің арасында проактив әдісін  алғаш болып қолданған елдің қатарында. Жыл басынан бері елімізде смс-хабарлама арқылы рәсімделген туу туралы куәліктер саны 70 мыңға жеткен.