71 елдің ішінде 69-шы орынды иелендік

Қысқаша

«Numbeo» халықаралық сараптамалық базасының мамандары әртүрлі елдердегі өмір сүру сапасының 2019 жылғы рейтингін жариялады.


 Аталған рейтингте Қазақстан 71 елдің ішінде 69-шы орынды иеленді.

 

Халықаралық рейтинг мамандарының сараптамасына сәйкес, алғашқы үш орынды Дания, Швейцария және Финляндия иеленген. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Нидерланды, Австралия, Австрия, Исландия, Норвегия, Германия, Жаңа Зеландия кірді. Сарапшылардың айтуынша, рейтинг түзуде мемлекеттердің сатып алу қабілеті, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, жылжымайтын мүлік бағасы, сапар уақыты, ластану деңгейі, климат жағдайы ескерілген.

 

Халықаралық сараптамаға сәйкес, Ресей 59 орында, Украина – 62, Қазақстан 69 орынға тұрақтаған. Ал, тізімнің ең соңында, яғни, 71-орында  Египет мемлекеті тұр.