Сапалы өмір сүру спорттан басталады

Қысқаша

Бәйдібек ауданының кәсіпкерлері салауатты өмір салтын насихаттап, сапалы өмір сүруді


Бәйдібек ауданының кәсіпкерлері салауатты өмір салтын насихаттап, сапалы өмір сүруді қалайды. Осы мақсатта биыл ауылдарда олардың демеушілігімен биылдың өзінде біршама игі істер атқарылуда. Бұл туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ағабек Атемов мақтанышпен айтты.
Бөлім басшысының айтуынша, ауданда қарапайым спорт нысандары жеке кәсіпкерлер мен демеушілер есебінен салынуда. Атап айтқанда, Ақбастау ауыл округі, Кеңес елдімекенінде жеке кәсіпкер Мэлс Ешмұратовтың демеушілігімен ашық кіші футбол, волейбол және қарапайым спорт алаңшалары, Жамбыл ауылында ауыл жастарының демеушілігімен ашық кіші футбол алаңы салынып, пайдалануға берілген. Сонымен қатар, осы алаңдардың ашылу салтанатында кіші футбол, волейболдан жасөспірімдер мен жастар арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда демеушілер есебінен Шаян ауылында жабық кіші футбол алаңы, Ағыбет ауылдық округі, Жұлдыз елді мекенінде ашық кіші футбол алаңы, Алғабас елді мекенінде ашық кіші футбол алаңы, Бөген ауылдық округі, Сарқырама елді мекенінде спорт залдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысандарының жұмысы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.