Спортшыларға жасалған жағдай жеңістермен өлшенеді

Қысқаша

Бәйдібек аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 2019 жылдың 6 айында біршама жұмыстар


Бәйдібек аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 2019 жылдың 6 айында біршама жұмыстарды жүзеге асырды. Бұл туралы аталған бөлімнің басшысы Ағабек Атемов хабарлады.
Жасөспірімдер арасында өткен республикалық жарыста қазақ күресінен Әбдісамит Сардар, еркін күрестен Жақсылық Досымжан, бокстан Ерсұлтанов Жандос, тоғызқұмалақтан Батырбек Бейбарыстар Қазақстан Республикасы чемпионы атанса, қазақ күресінен Қуандық Бекнұр, белбеу күресінен Нұрғалиқызы Ақжандар Қазақстанда ІІ-орын алды.
Волейболдан Рустембек Нұрдәулет, Мырзалыұлы Нұрасыл, Болатбек Санжар, үстел теннисінен Санақ Дулат Түркістан облысы құрамынды өнер көрсетіп жүлделі ІІІ-орындарды иеленді. Тоғызқұмалақтан Батырбек Бейбарыс Чехия елінде өткен зияткерлік ойындар фестиваліне қатысып блиц түріннен І-орын, классика түрінен ІІІ-орынды жеңіп алды. Нәтижесінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесін орындады.
Бокстан Ерсұлтанов Жандос 64 кг салмақта Қазақстан чемпионатында 1-орын алып, чемпион атанса, Кувейт елінде өткен Азия чемпионатында жүлделі 3-орынды иеленсе, Белбеу күресінен Нұрғалиқызы Ақжан 63 кг салмақта Кентау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер, Өзбекстан Республиакасы Ташкент қаласындағы әлем чемпионатында 2-орын иеленді.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында өткен спартакиадада қазақ күресі командасы І-орын, дзюдо күресінен, волейболдың қыздар командасы жүлделі ІІІ-орындарды иеленіп жүлдемен оралды.