Білімін жетілдірген 20 жас өз кәсібін ашады

Қысқаша

Бәйдібек ауданында жұмыс іздеген әрбір жасқа мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар м


Бәйдібек ауданында жұмыс іздеген әрбір жасқа мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар мен қолдаулар жасалған. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке оқыту арқылы олардың өз кәсібін ашуға қолдау білдірілуде.
– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып, бұл жоба бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымызда 20-ға жуық жастарымыз өз білімін алып, кәсібін ашуға бет бұрды, – дейді аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Асыл Абжалов.
Жұмыссыз жастардың жазғы уақыттағы демалысын тиімді пайдалану мақсатында құрылған «Жасыл Ел» еңбек жасағының мақсаты – аудандағы көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу. Биыл 150-ге жуық аудан жастары осы бағдарлама аясында уақытын тиімді өткізуде.