Созақтану квест-саяхат сағаты өтті

Қысқаша

Созақтану квест-саяхат сағаты өтті

08.08.jpg

Созақ аудандық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша «Сырлы Созақ, әзіретті Қаратау» атты әдеби квест-саяхат сағаты өтті. Өлке тарихы, әдебиеті, өнері, киелі орындарын тереңдетіп таныстыру мақсатындағы шараға жасөспірімдер, ересек оқырмандар, БАҚ өкілдері, мекемелер қызметкерлері қатысты.
Өлкеге әдеби саяхат қызықты квест түрінде – жұмбақтар, сұрақтар арқылы жүргізілді. Түрлі атрибуттар, суреттерге жасырынған тарихи оқиғалар, әдеби кейіпкерлер, өнер қайраткерлері, олардың туындыларын табу ересектердің де, жасөспірімдердің де қызығушылығын тудырып, ешкім жалықпайтын тартымды шара болды.
«Зерде» және «Талапты» атты екі топ арасында өткен қызу тартысты әдеби сайыс бойынша «Талапты» тобы жеңімпаз атанды. Белсенді оқырмандар Ж.Нархозұлы мен Қ.Қосмахановқа бөлімше басшысы Г.Өмірбек кітаптар тарту етті.
Шара барысында ақпараттық-библиографиялық бөлімнің басшысы С.Бораншиева «Созақ жайлы білгін келсе... « атты әдеби шолу жүргізді. Кеш соны ән-күйге жалғасты.