Қазақстандық ғалым – тыңшы

Қысқаша

​Қазақстандық ғалым Қытайдың тыңшысы қызметін атқарған. Әрине, бұл әзірге күдік. Ғалымның өзіне осыған қатысты айып тағылып, тұтқынға алынған.

казахстангалымы.jpg

 

- 2019 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасының ҰҚК 1956 жылы туған азамат Сыроежкин Константин Львовичке қатысты Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі “Мемлекеттік опасыздық” бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп жазылған Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің “РИА Новости” ақпарат агенттігінің сауалына берген жауабында.

 

19 ақпанда Сыроежкинге қатысты тұтқындау бұлтартпау шарасы таңдалған. Ғалымның ауыр айып бойынша қамауға алынғаны ақпарат құралдарында мамыр айында пайда болды.

 

К. Сыроежкин 62 жаста.  Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) бас ғылыми қызметкері болып 2006 жылдан бергі аралықта жұмыс істеп келген. Көптеген кітаптардың авторы. Ол қытайтанушы ғалым ретінде белгілі болған.

 

Қазақстанның ғылыми-сараптамалық қоғамдастығының өкілдері ашық хат жазып, ғалымның тағдырына алаңдаушылық білдіруде.

 Рейтинг газеті