Төртінші және бесінші мегаполис

Қысқаша

Оған Қарағанды мен Ақтөбе лайық деп танылды

 тортинши.jpg

Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тағы екі қалаға республикалық мәртебенің берілетінін жариялады.

 

-Қазақстан да әлемдік урбанизация үдерісінен тыс қалып отырған жоқ. Бізде халықтың 40 пайызы ауылда тұрса да, жартысы қалада жұмыс істейді. Бүгінде үш ірі қаламыз бар. Елордамыз 20 жылдың ішінде 1,2 миллион халқы бар қалаға айналды. Алматының халқы 2 миллионнан асты. Былтыр Шымкентке республикалық мәртебе берілді. Енді, тағы екі қаланы осы деңгейге көтеріп жатырмыз. Аталған қалалар магнит сияқты халықты тартып, білім мен технологиялардың ошағына айналады. Қазақстандағы қалалардың табысы еліміздің әлемдік нарықтағы бәсекелестігін күшейтеді, - деді Назарбаев.

 

Ал Sputnіk Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қандай қалалардың мегаполис деңгейіне көтерілетінін айтыпты. Олар – Қарағанды мен Ақтөбе.

 

- Аталған қалаларға халық көптеп көшіп келіп жатыр. Себебі қалада барлық жағдай бар, білім алуға болады. Әзірге нақты уақыт белгіленбеген. Дегенмен үкімет тиісті жұмысты бастап кетті, - деді Ә.Смайылов.

 

Бұған дейін Қазақстанда республикалық қала мәртебесі бар қалалардың саны екеу болатын. Олар Алматы мен Нұр-Сұлтан  еді. Былтыр маусымда Елбасының жарлығымен олардың қатарына Шымкент қосылды. Шымкент тұрғындарының саны қазір 1 миллионнан асады.

 

Рейтинг газеті