​Бәйдібек ауданында ақылды жайылым жобасы жүзеге асуда

Қысқаша

​Бәйдібек ауданында ақылды жайылым жобасы жүзеге асуда

Экономиканың тірегі саналатын агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру арқылы ел табысын еселей түсу – маңызды міндет. Себебі бүгінде көптеген дамыған елдер бұл салада әлдеқайда алға озып, цифрлы технологияның игілігін барынша көріп отыр.

image.png

Мемлекет басшысы да өз жолдауында үкіметке бизнес өкілдерімен бірлесіп, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеуге кірісуді тапсырған болатын. Мұндағы басты міндет – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру.  

Бұл бағытта бүгінгі күні Түркістан облысында ілкімді істер атқарылуда. Мәселен, бәйдібек ауданында ақылды жайылым жобасы жүзеге асып жатыр.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша енгізілген жаңа технологияның тиімділігін шаруаларда түсіне бастаған.

Жамбыл ауылындағы «Молшылық» шаруа қожалығы он жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың жолы - ақылды жайылым. «Ақылды жайылым» жобасы аясында күннен энергия алатын құрылғымен энергетикалық қоршау жасалынған. Төрт түлік сол қоршаудың ішінде ғана жайылады. Бұл шағын жерді бірнеше бөлікке бөліп, малдың кезек - кезек орнын ауыстырып, жайылымдық жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.