Түлкібаста 80-ге жуық мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

Қысқаша

Түлкібаста 80-ге жуық мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

Бүгінде елімізде мал шаруашлығын қолға алған тұрғындар көбейіп келеді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мал бордақылау алаңдарын ашу, мал басын көбейту, асыл тұқымды ірі қараларды өсіру бағытындағы жұмыстар өңірде жандануда.

image.png

Мәселен, Түркістан облысы Түлкібас ауданында мал бордақылау кәсібін дамытып отырғандар қатары артып келеді. Ауданда үйіргелік шағын қораларды айтпағанда ірі қара және жылқыны бордақылаумен айналысатын 76 шаруашылық бар. Қора-жайларда 2000 бастан астам ірі қара мен жылқы бордақылануда.

Шералы Өміралиев мал бордақылау ісін отбасылық кәсіпке айналдырғандардың бірі. «Адал» шаруа қожалығының иесі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 800 млн тенге несие алуға құжаттарын өткізген. Несие алып, қаржыға қол жеткізсе 1000 бас ірі қара мал бордақылауды жоспарлап отыр.

Кәсіпкер осыдан 5-6 жыл бұрын өз қаржысына 10-15 бас жылқы алып, мал бордақылау кәсібін бастаған. Бүгінде бордақы басын арттырып, кәсібінің-нәсібін көріп отыр. Ол 70 бас етті бағыттағы «Ақ бас» ірі қараны, 250 бас «Қазақы қой» және 30 бас жылқы бордақылап, еттің әр келісін 1900-2000 теңгеден сауда орындарына өткізуде.