Мәжіліс төрағасы Әсет Ерғалиевтің түсініксіз бағдарламасын сынға алды

Қысқаша

Мәжіліс төрағасы Әсет Ерғалиевтің түсініксіз бағдарламасын сынға алды

Депутаттардың білім деңгейін көтеруге қазынадан 647 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Мәжіліс төрағасы.jpg

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жобаны дайындап әкелген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке бағдарламаның түсініксіз екенін айтты.

- Тағы да сұрақты қайталайын. «Кәсіби біліктілікті арттыру» деген түсінікті. Не үшін даярлау, қайта даярлау деп жаздыңыздар? Сіз диплом бермекшісіз бе? Не үшін? Жастардың жақсы көретін әдеті – бір жылда бес диплом алып жүре береді. Оны осы заң жобасына да жазып қойыпты. Жай көшіре салған ғой. Енді өздері де не істегенін түсінбей отыр», – деді.

Ол «кәсіби біліктілікті арттыруды» дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Нығматулин соңғы кездері шипажайда депутаттарды жинап алатындар да бар екенін айтты.

Сондықтан қазынадан бөлінетін 647 миллион теңге депутаттардың 40 сағаттық оқуына оңды-солды шашылмай жұмсалуы керек деп тапсырды.