Аргентина президенті Марадонаның өліміне байланысты қаралы күн жариялады

Қысқаша

Аргентина президенті Марадонаның өліміне байланысты қаралы күн жариялады

Аргентина президенті Альберто Фернандес футболшы Диего Марадонаның өліміне байланысты үш күнге қаралы күн жариялады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

image.png

Eltrecetv мәліметінше, қаралы күн сәрсенбіден басталды. Елде ойын-сауық шаралары тоқтатылып, ұлттық ту түсірілді. Телеэфирлерде спортшының өмірі, карьерасы және жеңістері туралы бағдарламалар көрсетіледі.

Марадона сәрсенбі, 25 қарашада таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге қарай (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00) Буэнос-Айресте Нордельта ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ олар аман алып қала алмаған. 

Марадона 60 жасында қайтыс болды.