Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Қысқаша

Еуразия жүрегіндегі Қазақстан – әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына қосылуды мақсат тұтып отырғаны анық. Осы арқылы Қазақстан мәңгілік елге айналуды көздейді. Мәңгілік елдің тұрғындарында – өз еліне деген нық сенім болуы керек.

92.jpgЕуразия жүрегіндегі Қазақстан – әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына қосылуды мақсат тұтып отырғаны анық. Осы арқылы Қазақстан мәңгілік елге айналуды көздейді. Мәңгілік елдің тұрғындарында – өз еліне деген нық сенім болуы керек. Сондықтан да, келер ұрпаққа Елбасы Н.Назарбаевтың Мәңгілік Ел идеясын насихаттаған абзал. Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Арыс қалалық мәдениет үйінде «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты қалалық фестиваль өтті. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестивальдің мақсаты Қазақстан халқының туған еліне, туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, балабақша мен мектеп ұйымдары табалдырығынан бастап, ана тілінің қайнар бұлағы, алғашқы сатысы - қазақ тілінің мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде таза сөйлеуін дамыту, тілге деген құрметін арттыру болды.

Мерекелік шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев:

- Қазақстан бүгінде сан ұлттың достық мекеніне айналды. Республикамыз бойынша 130-дан аса ұлт өкілдері Қазақстанды Отаным деп өмір сүріп жатқандығын ескерсек, облысымызда 108, қаламызда 20-дан аса ұлттың ынтымағы жарасқандығын күнделікті тұрмыста көріп жүрміз. Бірнеше ұлтты бауырына басқан, ұлы достық пен мәдениеттің алтын бесігі Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын», - деді. 

Салтанатты мереке соңында тілдерді қолдану мен дамытуда өз үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.