Теолог маман ситуациялық сұрақтарға жауап берді

Қысқаша

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, маман тарапынан дәлелді, дәйекті жауаптарын алды. Теолог маманға ситуациялық сұрақтар қойылып, оған тұщымды жауап берілді. Жиын соңында қатысушыларға кітапшалар мен сертификаттар т

91.jpgДін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің және ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің білімі мен біліктілігін көтеру мақсатында Түркістан облысы, Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қала әкімдігінің мәжіліс залында облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы М.Халықов «Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.  Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, маман тарапынан дәлелді, дәйекті жауаптарын алды. Теолог маманға ситуациялық сұрақтар қойылып, оған тұщымды жауап берілді. Жиын соңында қатысушыларға кітапшалар мен сертификаттар табысталды. 

Елбасы Н.Назарбаев: «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» - деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті құбылысқа айналғаны белгілі. Әсіресе, соңғы жылдары бұл жайт Орталық Азия аймағында жиі орын алуда. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Сондықтан да, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Жыл он екі ай ел тұрғындарына діни экстремизмнің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның алдын-алған жөн. Бұл жұмыс Арыста жоғары деңгейде атқарылып келеді.